77. Музейдің әкімшілігі:
1) залға кіру және шығу кезінде және оның ішінде қауіпсіз әлеуметтік арақашықтық бар қиылыспайтын ағындармен адамдардың қозғалысын ұйымдастыруды (экспозициялық залдың бір жағынан - кіру, екінші жағынан - шығу), сондай-ақ келушілерді бөлу бойынша персоналды үйлестіруді;
2) өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін;
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) сақталуына жауапты адамды тағайындауды;
4) кіреберісте және залдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнатуды;
5) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді;
6) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);
7) халыққа маскамен қызмет көрсетуді;
8) техникалық персоналмен (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуді;
9) жинау мүкәммалын пайдаланғаннан кейін (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақталуын;
10) жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді әрбір 2 сағат сайын желдетуін;
11) өндірістік және тұрмыстық бөлмелерді, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды жүргізуді;
12) бөлмелерді жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азайтылмайтын (кемінде бес күн) қорын;
13) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;
14) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі әрбір нақты дезинфекциялық құрал үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
Келушілерге қойылатын талаптар
78. Күту аймағында:
1) кіреберісте келуші музейде болу ережелерімен және ақпараттық стендтерде орнатылған экскурсия маршрутымен танысады;
2) отыратын орындар қашықтықты сақтай отырып орналастырылады;
3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (музейдің экспозициялық залдарының ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан астам - 30 адам).
79. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады.
80. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексерісінен өтеді.
Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, оны сол жерде таратылуы мүмкін.
81. Залдардың аймағында:
1) келушілер бір-бірінен екі метр арақашықтықты сақтай отырып, кіреберісте көрсетілген маршрут бойынша залды қарайды;
2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналасқан.
82. Залдардан шығу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) келушілер көрсетілген бағыттар бойынша залдан 2 метр арақашықтық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып шығады;
2) залдан шығу сызбаға сәйкес, музей қараушылары мен бақылаушылардың ілесіп жүруімен.
7-тарау. Мемлекеттік кітапханалардың қызметіне қойылатын талаптар
83. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялық құралмен суланған дезинфекциялық кілемше орналастырылады.
84. Кітапхананың ашылуы алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмыстары (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен тазалау және өңдеу) жүргізіледі.
85. Қызметкерлер мен келушілердің дене қызуын бақылау жанасатын немесе жанаспайтын тәсілмен жүргізіледі.
86. Кітапхана әкімшілігі келушілердің оқу залдарында бір мезгілде объектінің жобалық қуатының 50%-ке дейін болуын қамтамасыз етеді, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр және орындықтар арасында 60 сантиметр болуы тиіс.
Оқырмандарды кітапханаға жіберу маска болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
87. Кітапхана қызметкерлері қорғану құралдарымен (маскалар, қолғаптар, қорғану экрандар) қамтамасыз етіледі, болмаған жағдайда жұмыс істеуіне жол берілмейді.
88. Респираторлық инфекцияның кез-келген белгілері бар қызметкерлер жұмысқа, сондай-ақ оқырмандар кітапханаға (қызуы жоғары, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы) жіберілмейді.
89. Кітапхана қызметкерлері келушілердің, қызметкерлердің міндетті түрде маска киіп жүруін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды.
90. Кітапхананың үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін:
1) адамдар көп жиналатын орындарда кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін еденде тиісті белгілер орнатылады (киім ілетін орын, оқырмандарды тіркеу, оқу залдарында әдебиеттерді бақылау және беру орны, ксерокөшірме);
2) оқырмандар үшін кемінде 2 метр белгілерді орнату арқылы белсенді аймақтар біркелкі бөлінеді;
3) оқу залдарында оқырмандарды қауіпсіз әлеуметтік қашықтықта отырғызу үшін тиісті белгілер орнатылады және үстелдер арасындағы алшақтық кемінде 2 метрге ұлғайтылады.
91. Кітапхана әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) қауіпсіз әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қиылыспайтын легімен кіру мен шығу кезінде және ғимарат ішінде адамдардың қозғалысының бағдарын ұйымдастыру (оқу залының бір жағынан - кіру, екінші жағынан - шығу);
2) өндірістік бақылау журналына тіркеу арқылы профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі;
3) үй-жайларды сағат сайын желдету;
4) жалпы пайдалану үшін орнатылған компьютерлердің оқу үстелдерін, клавиатуралары мен компьютерлік тінтуірлерін және жиһаздарды әр келушіден кейін құрамында спирті бар тазалау құралдарымен сүрту;
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамдарды тағайындау (дене қызуын өлшеу, қызметкерлерге нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды жинау, құрал-жабдықтарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);
6) кіреберісте, оқу залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтінің, санитариялық тораптардың кіреберістерінде антисептигі бар санитайзерлерді орнату;
7) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;
8) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);
9) халыққа маскамен қызмет көрсету;
11) техникалық қызметкердің (тазалаушының) жеке қорғану құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуі;
12) тазалау құрал-жабдықтарды пайдаланғаннан кейін (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтау;
13) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету;
14) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, қолданылатын заттардың беттерін (құрал-жабдықтарды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, ас ішу, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялаумен ылғалды тазалау жүргізу);
15) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын өңдеуге, тыныс алу органдарының ЖҚҚ арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азайтылмайтын (кемінде бес күн) қоры;
16) денсаулық жағдайы бойынша қарсылықтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберу;
17) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйде сақтау. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек
кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда көрсетілген.
18) кітапхана бойынша жүріп-тұру және қорды пайдалану бойынша оқырмандарға арналған арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірлеу қамтамасыз етіледі.
92. Кітапханаларға қойылатын қосымша талаптар:
1) кітапхана басылымдары үшін жеке карантиндік үй-жай бөлу;
2) кітапханаға келіп түсетін барлық басылымдар үшін қорларды жинақтау үшін және оқырмандарға уақытша пайдалануға берілген кітапхана басылымдары үшін міндетті карантин режимін белгілеу;
3) кітап беру және қабылдау үшін оқу залдарында жеке аймақтарды ұйымдастыру.
Келушілерге талаптар
93. Күту аймағында:
1) кіреберісте келуші кітапханада болу ережелерімен және ақпараттық стендтерде орналастырылған қозғалу бағдарымен танысады;
2) отырғызу орындары қашықтықты сақтай отырып орналастырылады;
3) күту аймағына келушілер 15-30 адамнан тұратын топтармен кіреді (кітапхана залдарының ауданына байланысты: 100 шаршы метрге дейін - 15 адам, одан астам - 30 адам);
94. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады.
95. Келуші кіреберісте билетін ұсына отырып объектінің ішіне кіреді және санитариялық шараларды (антисептик, 2 метр қашықтықты сақтау, медициналық масканың болуы) сақтай отырып, күзет тексерісінен өтеді;
Келушінің медициналық немесе мата маскасы болмаған жағдайда, оны сол жерде таратылуы мүмкін.
96. Залдардың аймағында:
1) келушілер бір-бірінен екі метр арақашықтықты сақтай отырып, кіреберісте көрсетілген қозғалыс бағдары бойынша оқу залына кіреді;
2) залдың периметрі бойынша қауіпсіздік шаралары бар ақпараттық стендтер және залға кіреберісте антисептикалық құралдар орналастырылады.
97. Залдардан шығу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
1) келушілер көрсетілген қозғалыс бағдары бойынша 2 метр арақашықтық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып залдан шығады;
2) залдан шығу сызбаға сәйкес.
8-тарау. Музей-қорықтардың жұмысына қойылатын талаптар
98. Кіру билеттері сату онлайн түрінде сатылғанмен касса арқылы сату да іске асады.
99. Ғимаратқа кіреберісте залалсыздандыратын құралдармен суланған залалсыздандыру кілемшесі төселеді.
100. Әрбір ғимаратта міндетті түрде бір стационарлы жылу тексергіш болуға тиіс (бір аумақта бірнеше ғимараттар жақын орналасса бір жылу тексергіш орналастыруға болады).
101. Келушілер қорық-музей аумағында маскада болуы тиіс.
102. Объектілерді санитариялық нормаларға сәйкес дайындау түскі үзілісте және келушілерді қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
103. Музейлердің үзіліссіз және жүйелі жұмыс істеуі үшін:
1) Қол жетімді жерлерде, санитариялық орындарда санитайзерлер орнатылады;
2) Адамдар жиналатын аумақтағы (санитариялық орындар, киім ілгіш маңы, келушілерді тіркеу орны, бақылау-тексеру мен билет беру пункттері және т.б.) әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін еденге, сонымен қатар әрбір музейлік жәдігер алдына арнайы 2 метрден кем болмайтын белгілер салынады;
3) Келушілерді хабарландыру мақсатында кіреберіске музейдегі қозғалыс сызбасы жасалып және орналастырылады;
4) Бағдар бойына жадынама белгілері орнатылады (үш тілде);
5) Келушілер үшін музей ішінде қозғалу және қорды пайдалану бойынша арнайы кеңестер (жадынама) жасалады;
6) адамдардың кезекте шоғырланған жағдайында жайлы және қауіпсіз аумақтар жасалады.
104. Музей-қорық пен оған іргелес орналасқан объектілер орналасу реттеріне қарай шартты түрде бес аумаққа бөлінеді:
1) келу аумағы - автокөлік тұрағы, санитариялық аумақ, сауда нүктелері мен касса (музей сыртында орналасқан кассалар). Автотұрақта арақашықтық сақталуға тиіс.
Келу аумағында келушілер музей немесе кесене (мешіт) аумағына кіру үшін кезекке тұрады.
Кассадағы билет сатылымы арақашықтық сақтаған жағдайда іске асырылады.
Келушілер санитариялық аумақта, сауда нүктелерінде еркін жүре алады.
Санитариялық аумақта, сауда нүктелерінде адамдардың жиналуын болдырмау үшін олардың алдында 2 метр арақашықтықты сақтай отырып арнайы арақашықтық белгілерін (турникеттер орналастыруға да болады) салу қажет;
2) күту аумағы - 2 метрлік әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып арнайы орындар бөлінген күтуге арналған алаң болып табылады.
Күту алаңына келушілер 15-30 адамнан тұратын топ болып кіреді (ол музейлердің экспозициялық залдарының көлеміне байланысты: 100 шаршы метрге дейін 15 адам, одан үлкен болса 30 адам).
40 адамнан аспайтын туристік топтарды (1 автобус) бірге қабылдауға рұқсат етіледі (егер де келушілер күту аумағы мен музей ішіне еркін сия алатын болса).
Келушілерге жайлы жағдай жасау үшін көлеңке түсіп тұратын орындарды немесе жабық алаңқайларды қарастырып әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып оларды орындықтармен жабдықтау керек;
3) музейдің ішкі аумағы - экспозициялық залдар мен кассалар (музей ғимаратының ішінде орналасқан кассалар).
Кассада билет сату арақашықтықты сақтаған жағдайда іске асырылады.
Келушілер музей ғимаратына 10-15 адамнан жіберіледі (бұл музейлердің экспозициялық залдарының алаңына байланысты: 90 шаршы метрге дейін - 10 адам, одан үлкен болса - 15 адам).
Экспозициялық залдар немесе гидтер санына байланысты келушілер 10-15 адамнан тұратын топтарға бөлінеді (мысалы, төрт залға төрт топ немесе бір гидке бір топтан). Топтағы адамдар саны залдардың алаңына байланысты болады: 100 шаршы метрге дейін 10 адам, одан үлкен болса 15 адам.
Әрбір экспозициялық залмен танысу уақыты 10 минут. Егер музейде бір ғана үлкен зал болса 20 минут уақыт бөлінеді.
Музейдің ішкі аумағында келушілер 1,5-2 метр арақашықтықты сақтауға тиіс.
4) Орналастыру аумағы және (немесе) діни жоралғыларды атқару орындары ретінде мешіттер, кесенелер, зиярат мазарлары немесе діни жоралғылар мен табыну жерлері қарастырылған.
Келушілерді объектіге келуі, күту және онымен таныстыру әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып осы талаптың 82, 83, 84-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Діни жоралғыларды атқару (құдықтан су алу, ағашқа шүберек байлау және т.б.) қорық-музей қызметкерінің бақылауымен жүзеге асырылады.
Қорық-музей аумағына мал кіргізуге, құрбандық ниетімен оны союға және т.б. әрекеттерге жол берілмейді.
5) Археологиялық қазба аумағы - қорық-музей аумағы немесе одан тыс жердегі археологиялық қазба жұмыстарының орны.
Объект қорық-музей аумағында орналасқан болса келушілерді археологиялық қазба жұмыстарымен таныстыру музейдің ішіндегі экспозициялық залдармен таныстырғаннан кейін жүзеге асырылады.
Объект қорық-музей аумағынан тыс орналасқан жағдайда келушілерді онымен таныстыру әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20 адамнан аспайтын топ болса ғана осы талаптың 82, 83 және 84-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Археологиялық қазба орындарымен танысуға қорық-музейдегі гидтер санына байланысты бірнеше топтар жіберуге болады (мысалы, ол қорық-музей аумағынан тыс орналасқан жағдайда бір гидке бір топ).
Арақашықтықты сақтай отырып 20 адамнан көп емес топтарды археологиялық қазба жұмыстарымен танысу үшін апаруға болады.
Археологиялық қазба жұмыстарымен танысуға баратын топтар бағдары бір-бірімен түйіспеуге тиіс.
Археологиялық қазба жұмыстарымен танысу уақыты 2 метр арақашықтық сақтай отырып 20-30 минуттан аспауға тиіс.
9-тарау. Мәдениет объектілері жанындағы буфет жұмысына қойылатын талаптар
105. Үстелдер мен үстелдер арасында кемінде 2 метр және орындықтар арасында кемінде 60 сантиметр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып орналастырылады.
106. Көрермендер буфетінің бар бағанының алдында еденге әлеуметтік қашықтық бойынша белгі қойылады.
107. Бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады, содан кейін оны жинау, зарарсыздандыру және белгіленген тәртіппен жою қажет.
108. Азық-түлік өнімдерін сату оралған түрде жүргізіледі.
109. Нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сату тек оралған түрде жүзеге асырылады.
110. Буфет қызметкерлері бір рет қолданылатын маскалармен қызмет көрсетеді.
111. Жіті респираторлық инфекциялар, жоғары температура белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді.
112. Буфеттің көрнекті қолжетімді жерінде тері антисептигі бар санитайзер орнатылады.
113. Буфет жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жанасатын беттерді (үстелдер, орындықтар, бар тағаны және т.б.) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып сүрту жолымен өңдеу жүргізіледі.
114. Буфет аумағы тәртіппен және таза ұсталады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
12-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халыққа қызмет көрсету
(типографиялық қызмет көрсететін объектілер, тігін ательесі, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу сервисі)
бойынша объектілердің және өзге де объектілердің қызметіне қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Халыққа қызмет көрсету объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген қорғау құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялық және жуғыш заттардың, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорын қамтамасыз ету.
2) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
4) жанаспайтын немесе жанасатын тәсілмен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тепловизорлар) ұйымға кіру кезінде қызметкерлердің дене температурасын бақылау, қызметкерлерді ЖРВИ және тұмау симптомдарымен жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) жоққа шығармайтын симптомдары бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді дереу шақыруды қамтамасыз ету;
5) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефондар мен басқа да заттарды өңдеуге арналған қызметкерлер мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
6) кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады;
7) келушілерді тек маскамен жіберу;
8) медициналық маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен (әрбір 2 сағат сайын) пайдалану;
9) оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, жұмыс орындары арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау;
10) желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
11) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін жағдайларды барынша қамтамасыз ету (карталар, телефондағы қосымша);
3. Объектінің басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» алып тастай отырып, алдын ала жазу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, келуші (Клиент) мен қызметкер арасындағы әлеуметтік қашықтықты барынша қамтамасыз етуді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
4. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс үстін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын), жалпы пайдаланылатын орындарды (гардеробтар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирусицидті әсер ететін құралдармен жүргізіледі.
5. Ауаны залалсыздандыру қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдету арқылы адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.
6. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғану құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізеді.
7. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберегін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
8. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және залалсыздандыру мамандандырылған ұйымдармен шарт бойынша жүргізіледі.
9. Персоналдың жұмыс орындарында тамақ ішуіне, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда, дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақ бөлуді көздеуге жол берілмейді.
10. Объектіде персонал мен келушілердің белгіленген ережелерді сақтауына және персоналмен күнделікті нұсқама өткізуге жауапты адам тағайындалады.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері орынбасарының
2021 жылғы 7 қазандағы
№ 35-Қ қаулысына
13-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу кезеңінде халықтың тұруы бойынша
қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер)
қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды
2. Объектіге қонақтарды жеткізу бойынша көлік қызметтерін көрсету кезінде көлік құралын жинау журналына белгі қоя отырып, вирусқа қарсы әсер ететін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, көлік құралының салонын ылғалды жинау қамтамасыз етіледі.
3. Қонақүйлерде, отельдерде келушілердің қауіпсіздігі мақсатында:
1) кіреберістегі келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті);
2) жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша) қамтамасыз етіледі.
4. Персоналдың қауіпсіздігі мақсатында:
1) персоналдың профилактикалық іс-шараларды сақтауы;
2) қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына барынша ауыстыру және өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарту;
3) кіру және шығу кезінде санитайзерлерді пайдалану;
4) объектіге бір мезеттік кіру 2 адамнан аспайды;
5) үй-жай ішіндегі адамдар арасында әлеуметтік алшақтықты сақтау;
6) маска болған кезде персоналға рұқсат беру;
7) кіру кезінде персоналдың температурасын өлшеу.
5. Бөлімше басшылары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) респираторлық инфекцияның кез келген белгілерімен (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ ауруы, тыныс алудың қиындауы), симптомдары, жоғары температура анықталған немесе пайда болған жағдайда персоналды жұмысқа жіберуді болдырмау, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды ұйымдастыру және жедел жәрдем келгенше осы қызметкерді оқшаулау;
2) персоналдың жұмысын ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
3) жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және басқа да вирустық аурулар ауруларына ерекше назар аудара отырып, болмау себебін анықтай отырып, журналға белгі қоя отырып, қызметкерлердің жұмысқа шығуының күн сайынғы мониторингін жүргізу;
6. Нөмір қоры қызметінің бастығы қызметкерлердің ұялы телефондарын, гаджеттерді, компьютерлік техниканы, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын (креслолардың шынтақ қойғыштары), жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды, лифт батырмаларын міндетті түрде өңдеу арқылы күнделікті ылғалды жинау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
7. Дезинфекция үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады.
Үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (үстелдер, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін жеке шүберек көзделеді.
8. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады, қызмет берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбада жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталуы қажет. Ыдыстық затбелгі дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.